Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

    Жалпы ақпарат

    "Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Астана қаласының аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалу барысы туралы ақпарат

    № р/с Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсыныстар Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны Тапсырманың орындалуы туралы ақпарат 1 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру және құқықтық олқылықты жою үшін уәкілетті органға авторлық қадағалауды сүйемелдеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптарды бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жауаптылығын көздейтін норманы енгізу туралы хат жолдау қаже. Тиісті ұсыныстары бар хат Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» РММ-не сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптарды бұза отырып, авторлық қадағалауды сүйемелдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жауаптылығын көздейтін норманы әзірлеу қажеттілігі туралы хат жолданды. 2 Құрылыс саласындағы ашықтық пен сапаны арттыру мақсатында, лицензиялауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органға жұмыс түрлеріне байланысты өндірістік базалардың (ғимараттардың, үй-жайлардың) құрамын нақтылайтын норманы енгізу туралы хат жолдау қажет Тиісті ұсыныстары бар хат Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» РММ-не жұмыс түрлеріне байланысты өндірістік базалардың (ғимараттардың, үй-жайлардың) құрамын нақтылайтын норманы әзірлеу қажеттілігі туралы хат жолданды. Қазіргі уақытта Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 21 сәуірдегі №191 бұйрығымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидалары бекітілді, оны енгізу берілген лицензиялар мен рұқсаттар туралы мәліметтерді жүйелеуге, сондай-ақ лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тұрақты негізде тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тізілімге инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сарапшылардың, өндірістік базаның, материалдық-техникалық жарақтандырылудың, іске асырылған объектілердің болуы, рұқсаттың мәртебесі, тоқтатыла тұру кезеңі, рұқсатты кері қайтарып алу немесе күшін жою негіздері туралы мәліметтер кіретін болады. 3 Объектілерді енгізуактілерін салыстырып тексеруді жүргізу кезінде заңдылықты сақтау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органға салынған объектіні пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып тексеру жүргізу қағидаларын әзірлеу қажеттігі туралы хат жіберу. Тиісті ұсыныстары бар хат Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын жетілдіру шеңберінде салынған нысанды пайдалануға қабылдау актілерін салыстыруды регламенттейтін 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VІІІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі әзірленді

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалу барысы туралы ақпарат

    № р/с Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны Орындалуы туралы ақпарат 1 Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруді жетілдіру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органға меншік немесе жалдау құқығын растау үшін материалдық-техникалық жарақтандыруды (арнайы техниканы) тіркеуге ұқсас, мәлімделген іске асырылған құрылыс объектілерінде орындалған жұмыстардың түпнұсқалығын растау мақсатында мердігер ұйымдарды тіркеу үшін бірыңғай ақпараттық жүйені құру қажеттілігі туралы хат жолдау. Тиісті ұсыныстары бар хат Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 283 бұйрығымен «Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) қағидалары» бекітілді (ttps://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400034852). Бұйрыққа сәйкес Автоматтандырылған тізілімде инженерлік-техникалық қызметкерлер туралы, өндірістік база туралы, материалдық-техникалық жарақтандыру туралы, іске асырылған объектілер туралы және басқа да мәліметтер бар. Бұдан басқа, Автоматтандырылған тізілімдегі рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұруды, тоқтатуды (кері қайтарып алуды) Жүйемен автоматты режимде не рұқсат беру органдары сот шешімінің негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (кері қайтарып алу) туралы мәліметтерді енгізу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Р.В. Скляр 2023 жылдың 12 қыркүйегінде бекіткен құрылыс саласындағы процестерді жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес адами факторды қоспағанда, лицензиялау жүйесін толық автоматтандыру қолданысқа енгізілді. 2 Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруді жетілдіру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органға және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпаратына қол жеткізуді ұсыну қажеттілігі туралы хат жолдау. Тиісті ұсыныстары бар хат Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпаратына қол жеткізу қажеттігі туралы ұсыныспен бірнеше рет хаттар жолданды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Р.В. Склярдың 2023 жылдың 12 қыркүйегінде бекітілген құрылыс саласындағы процестерді жаңғырту жөніндегі жол картасына сәйкес, ҚазақстанРеспубликасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының сарапшыларды аттестаттауға қатысты 3-тармағынаөзгерістер енгізу және сарапшыларды аттестаттау жүйелерін толық автоматтандыру көзделген. Бұл өзгерістер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және сарапшылардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. 3 Тексеру жүргізу кезінде ашықтық пен заңдылықты сақтаумақсатында мемлекеттік құрылыс инспекторларын тексеру жүргізу кезінде сертификатталған дербес бейнежетондармен қамтамасыз ету бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органға хат жолдау. Тиісті ұсыныстары бар хат Қазіргі уақытта Басқармаға әкімшілік істерді жүргізу электрондық форматқа ауыстырылды. Әрбір мемлекеттік құрылыс инспекторы бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды дереу жасау үшін планшетпен қамтамасыз етілген. 4 Объектілерді енгізуактілерін салыстырып тексеруді жүргізу кезінде заңдылықты сақтау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органға салынған объектіні пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып тексеру жүргізу қағидаларын әзірлеу қажеттігі туралы хат жіберу. Тиісті ұсыныстары бар хат Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісін салыстыру кезінде қағидаларды әзірлеу ұсынысымен бірнеше рет хаттар жолданды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалу барысы туралы ақпарат

    № п/п Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны Орындалуы туралы ақпарат 1 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру және құқықтық олқылықты жою үшін көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері мен құрылыстарын жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес коммуналдық меншікке беруді бақылауды жүзеге асыру функциясын бекіте отырып, «Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге тиісті толықтыру енгізілсін. «Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже «Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 15-тармағының 24-тармақшасында бекітілген -жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері мен құрылыстарын коммуналдық меншікке беруді бақылауды жүзеге асыру. «Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы№ 505-1373 ««Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 505-1373 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының қосымшасымен бекітілген «Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы»мемлекеттік мекемесі туралы ереже. 2 Құрылыс саласындағы лицензиялаудың ашықтығы мақсатында және сапасын арттыру үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізуді аяқтау және оның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау қажеттілігі туралы хат жолдансын. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсыныс-хат Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-не, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізуді аяқтау және оның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы ұсыныспен 2026 жылғы 27 тамыздағы № 505-09-06/1308 хат жолданды. Қазіргі уақытта енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 3 Жұмыс ашықтығын қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру мақсатында «1С: Бухгалтерия» ақпараттық жүйесін әзірлеушілер мен әкімшілерге қызметкерде белсенді тәртіптік жаза болған жағдайда, оның Жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша «Сыйлықақы» (Премия) құжатын өткізуді автоматты түрде бұғаттауды қамтамасыз ететін бағдарламалық кеңейтімді орнату туралы хат жолдансын. «1С: Бухгалтерия» ақпараттық жүйесін әзірлеушілер мен әкімшілерге ұсыныс-хат Жаңа функцияны, яғни 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша сыйлықақыларды есептеу кезінде төлемдерді автоматты түрде бақылауды әзірлеу және «1С:Бухгалтерия – «Бюджет» АЖ» ақпараттық жүйесіне енгізу қажеттілігі туралы «Seven Hills of Kazakhstan» ЖШС әзірлеушілері мен әкімшісіне 2026 жылғы 27 тамыздағы № 505-03-39/1302 хат жолданды. Жетілдірудің мәні — дерекқорға тәртіптік теріс қылықтары бар қызметкерлер туралы мәліметтерді енгізу механизмін құру болып табылады. Бұл ретте бағдарлама қызметкерде оның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша белсенді тәртіптік жазасы болған жағдайда, «Сыйлықақы» құжатын өткізуді автоматты түрде бұғаттауы тиіс. Қазіргі уақытта механизм әзірленген және Басқармада жұмыс істейді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Жарияланды:
    Ереже

    "Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ туралы ереже 2026ж.

    Жарияланды: