Ақмола облысы Жарқайың ауданы Далабай ауылы әкімінің аппараты
Әкімдік туралы
Далабай ауылы Есіл өзенінің жағасында, Державинск қаласының орталығынан 33 км жерде, солтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстік-батыс бөлігімен Жарқайың ауданының Тасөткел ауылымен, шығысында Жақсы ауданымен, оңтүстігінде Нахимов ауылдық округімен, батысында Тассуат ауылымен шектеседі.
Далабай ауылы әкімінің аппараты әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді жүзеге асырады.
