Ақмола облысы Степногорск қаласы Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Қазақстан Республикасы Ақмола облысы әкімінің 1997 жылғы 14 шілдедегі шешімімен Шаңтөбе кенті Степногорск қаласының әкімшілік бағынысына берілді. "Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты" ММ кент әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Кент әкімі аппаратының негізгі міндеті әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу болып табылады.