Ақмола облысы Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты
Әкімдік туралы
Степногорск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 маусымдағы №А-6/225 қаулысымен "Ақкөл ауданы Қырық-құдық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. «Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.
Құрметті Қырық құдық ауылының тұрғындары! 2026 жылы 14 мамырда сағат 15.00-де «Сұңқар» мәдени - спорттық кешенінің акт залында Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасеновтың халықпен кездесуі өтеді. Кездесуге мемлекеттік және құқық қорғау органдары, қала қызметтері басшылары қатысады. Есептік кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау жұргізіледі
12 мамыр 2026 ж.Тікелей
Акмолинская область, город Степногорск, село Кырык кудык, улица Богенбай батыра, здание 7, культурно спортивный комплекс "Сұңқар"
Ұялы байланыс сигналының репитерлерін (күшейткіштерін) орнату және пайдалану кезіндегі заңнама талаптары туралы
Ұялы байланыс сигналының репитерлерін (күшейткіштерін) орнату және пайдалану кезіндегі заңнама талаптары туралы Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңының 28-бабының 4-тармағына сәйкес, ұялы байланыс сигналының репитерлерін (күшейткіштерін) орнату және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша халық пен кәсіпкерлік субъектілері арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.Аталған жабдықты белгіленген талаптарды бұза отырып пайдалану радиокедергілердің туындауына, тиісті аумақта ұялы байланыс пен интернет сапасының нашарлауына немесе олардың мүлдем болмауына әкеп соғуы мүмкін екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартуға негіз болатынын түсіндіру қажет.
Жарияланды:
Ақпарат
"Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
БЕКІТІЛДІ Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің 2026 жылғы «___» __________ № ___ өкімімен СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ «Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ Жалпы ережелер Осы «Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қызметтік қызметті жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, заңдылықты, ашықтықты, жариялылықты және адалдықты қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар мен мінез-құлық қағидаларының жүйесін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт лауазымдық өкілеттіктері шегінде «Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілеріне және өзге де қызметкерлеріне қолданылады. Қоғамдық қатынастар саласының атауы «Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметі жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттіктерін іске асыруға, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға, азаматтардың өтініштерін қарауға, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, жер қатынастары, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала, іс жүргізу, кадр жұмысы және әкім аппаратының құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыруға байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші «Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидаттары Әкім аппаратының қызметкерлері қызметтік қызметін жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: заңдылық; жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау басымдығы; ашықтық және айқындық; адалдық және бейтараптық; азаматтарға құрметпен қарау; мүдделер қақтығысына жол бермеу; барлық азаматтар мен ұйымдарға тең дәрежеде қарау; қабылданатын шешімдер мен қызметтік қызмет нәтижелері үшін жауапкершілік. Әкім аппараты қызметкерлерінің мінез-құлқы мен іс-қимыл қағидалары 4.1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету; азаматтармен, ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынас жасау кезінде адал, әділ, сыпайы және әдепті болу; бюрократизмге, сөзбұйдаға салуға және өтініштерді қарауды негізсіз созуға жол бермеу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде уақтылы әрі объективті қарау; азаматтардан заңнамада көзделмеген құжаттар мен мәліметтерді талап етпеу; мемлекеттік қызметтерді алуға және азаматтардың өз құқықтарын іске асыруына жасанды кедергілер жасамау; жеке сипаттағы мәселелерді шешу немесе мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және өзге де тұлғалардың қызметіне заңсыз ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау; дербес деректерді қорғау туралы заңнама талаптарын сақтау және заңда көзделген негіздерсіз азаматтардың жеке өмірі туралы мәліметтерді жария етпеу; шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау; заңды негіздерсіз жекелеген азаматтарға немесе ұйымдарға артықшылық беруге жол бермеу; көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру шараларын қабылдау және халықтың қажеттіліктерін бағдарға алу; mүдделер қақтығысы туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дереу шаралар қабылдау. 4.2. Басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде: тек берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ету; лауазымды тұлғалар арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілікті нақты ажыратуды қамтамасыз ету; жеке, мүліктік немесе өзге де қызметтік емес мүдделер үшін шешім қабылдауға жол бермеу; бағынысты қызметкерлерден олардың лауазымдық өкілеттіктерінен тыс немесе заңнамаға қайшы тапсырмаларды орындауды талап етпеу; жекелеген тұлғаларға негізсіз артықшылық беруге жол бермеу; кадрларды туыстық, жерлестік, жеке берілгендік және өзге де қызметтік емес өлшемдер бойынша іріктеуге және орналастыруға жол бермеу; кадр мәселелерін шешу кезінде меритократия қағидаттарын сақтау; қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен бейтараптығын қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде қабылданған шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауапкершілік атқару. 4.3. Жер қатынастары, абаттандыру және мүлік мәселелерін қарау кезінде: тек Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алу; жеке және заңды тұлғаларға тең әрі объективті көзқарасты қамтамасыз ету; жер учаскелерін, мүлікті немесе өзге де артықшылықтарды жеке мүдделер үшін не үшінші тұлғалардың мүддесі үшін беруге жол бермеу; жеке пайда алу мақсатында қызметтік ақпаратты пайдаланбау; тиісті өкілеттіктер болмаған жағдайда жер учаскелерін беру, мүлікті ресімдеу және өзге де мәселелерді шешу рәсімдеріне араласпау; әкім аппаратының құзыреті шегінде қабылданатын шешімдердің ашықтығын және құжаттамалық расталуын қамтамасыз ету. 4.4. Мемлекеттік қызметтер көрсету және халықпен жұмыс істеу кезінде: мемлекеттік қызметтерді заңнамада белгіленген мерзімдер мен тәртіпке сәйкес көрсету; қызметтік міндеттерді орындағаны үшін заңсыз сыйақы, сыйлық, қызмет немесе өзге де материалдық және материалдық емес игіліктерді талап етпеу; жекелеген өтініш берушілерге артықшылықты жағдайлар жасамау; азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы дұрыс ақпарат беру; мәселені өз құзыреті шегінде шешу мүмкін болмаған жағдайда азаматқа тиісті мемлекеттік органға одан әрі жүгіну тәртібін түсіндіру; халыққа қызмет көрсету кезінде дөрекілікке, біржақты көзқарасқа немесе кемсітуге жол бермеу. 4.5. Шешімдер, өкімдер жобаларын және өзге де құжаттарды дайындау кезінде: құжаттарды белгіленген құзырет шегінде ғана қабылдау және дайындау; құжаттар жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету; жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға негізсіз артықшылықтар беретін ережелерді енгізуге жол бермеу; сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасайтын ережелерді пайдаланбау; қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен негізділігін қамтамасыз ету; келісуші инстанциялар санын негізсіз көбейтуге жол бермеу. Қызметтік қызмет барысында туындайтын өзге де өзара қатынастар Әкім аппаратының қызметкерлері міндетті: қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау; жұмыс жүктемесінің әділ әрі біркелкі бөлінуін қамтамасыз ету; орындалуы алдын ала мүмкін емес немесе заңсыз өкімдер бермеу; бағынысты қызметкерлерді жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеу; қызметтік әдеп нормаларын сақтау; қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау; жеке және қызметтік мүдделер қақтығысына жол бермеу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған кезде оларды өз құзыреті шегінде жою шараларын қабылдау. Өзге де шектеулер мен тыйымдар Әкім аппаратының қызметкерлеріне мыналарға тыйым салынады: Қазақстан Республикасының заңнамасында жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен өзге де теріс қылықтар жасауға; қызметтік өкілеттіктерді жеке мүдделерде немесе үшінші тұлғалардың мүдделерінде пайдалануға; қызметтік міндеттерін орындауына байланысты сыйлықтарды, ақшалай қаражатты, қызметтерді және өзге де пайда түрлерін талап етуге немесе қабылдауға; қызметтік ақпаратты жеке мақсаттарда пайдалануға; шешім қабылдау кезінде мүдделер қақтығысына жол беруге және жеке мүдделілігінің бар екенін жасыруға; мемлекеттік мүлікті, кеңсе техникасын, автокөлікті және өзге де материалдық құндылықтарды жеке мақсаттарда пайдалануға; бюджет қаражаты мен мемлекеттік мүлікті мақсатсыз және тиімсіз пайдалануға; өз өкілеттіктерінен тыс басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне араласуға; туыстарына, таныстарына, ұйымдарға және өзге де тұлғаларға заңсыз жәрдем көрсетуге; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет атқаруына жол беруге. Әкім аппараты қызметкерлерінің міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау; қызметтік тәртіпті сақтау; қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы орындау; кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі арттыру; жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану; мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттік мүлікті, автокөлікті, кеңсе техникасын және өзге де материалдық құндылықтарды тек қызметтік мақсаттарда пайдалану; қызметтік әдеп нормаларын сақтау; Қазақстан халқының мемлекеттік және басқа тілдеріне, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау; сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау. Жауапкершілік «Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік органдардың қызметі мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қайта қаралуға және өзектендірілуге жатады.
Жарияланды:
Ақпарат
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанынеске салады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж. бастап салымшылардан зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – ИПБ) «Halyk Global Markets» АҚ беру туралы жаңа өтініштерді қабылдау тоқтатылғанын еске салады. Бұл шешім 2025 жылғы 31 желтоқсанда аталған ИПБ-ның бастамасы бойынша 2021 жылғы 18 ақпандағы № 17/6/18-02-21/П Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұзу жоспарланып отырғаны туралы хабарламаның алынуына байланысты қабылданды. Бұған дейін ИПБ-ға берілген барлық зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі — ҚРҰБ) басқаруына берілгенге дейін қолданыстағы шарттарға сәйкес «Halyk Global Markets» АҚ басқаруында қала береді. Қолданыстағы Ережелерге сәйкес, ИПБ Шарт бұзылғанға дейін өз міндеттемелерін толық көлемде орындауға, соның ішінде бекітілген инвестициялық стратегияны, активтердің сақталуы жөніндегі талаптарды және есептілікті сақтауға міндетті. Басқару мерзімі аяқталғаннан кейін БЖЗҚ ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін ақшалай түрде толық көлемде ҚРҰБ-ға сенімгерлік басқаруға қайтаруды жүзеге асырады. Бұл ретте теріс айырма пайда болған жағдайда, ИПБ оны толық көлемде өтейді. ИПБ-ның теріс айырманы есептеуі мен өтеу мерзімдері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен регламенттелген. Салымшылардың (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң) зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына немесе басқа ИПБ-ға беруді жүзеге асыруға құқылы екенін еске саламыз. Статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылдың басынан бері «Halyk Global Markets» АҚ-дан басқа ИПБ-ларға жалпы сомасы 765,5 млн теңгеге зейнетақы жинақтары бойынша 441 аударым жасалды. Осы кезеңде ҚРҰБ басқаруына жинақтарды қайтару бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 881 аударым жасалды. Бұл ретте ИПБ-ның әрбір салымшысы өзінің зейнетақы жинақтарын басқа ИПБ-ларға немесе ҚРҰБ басқаруына бір реттен көп аударуға құқылы болды. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың тамызынан бастап 2026 жылдың шілдесін қоса алғанда 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 1,81 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 7,13% болды. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 153,93 млрд теңгені құрады, кірістілік 19,12%. Еске сала кетейік, зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі1001,29% инфляция кезінде 1 111,11% құрады. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс 14,68 трлн теңгеден асты. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 41,1% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы. Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы. Бұл ретте салымшылар ИПБ жұмыс істейтін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдай алады: · жасына қарамастан барлық салымшыларға сәйкес келетін Ki (12) портфелі. Ол бойынша ең төменгі кірістілік деңгейі соңғы 12 айда бағаланады; · Ki (36) портфелі, ол зейнетке шыққанға дейін кемінде 3 жыл қалғандарға арналған. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі 36 айдың қорытындысы бойынша бағаланады; · ұзақ мерзімді көкжиегі (зейнеткерлікке шыққанға дейін 13 жылдан астам) бар салымшыларға арналған Ki (60) портфелі. Ең төменгі кірістілік деңгейі 60 ай ішінде анықталады. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 тамызына 28,35 трлн теңгеболды. 12 айдағы өсім – 3,50 трлн теңгенемесе 14,1%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан. 2026 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жарнаның бұл түрінің есепті күндегі көлемі – 26,31 трлн теңге,12 айда 2,69 трлн теңгеге немесе 11,4% өсті. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 6,6%-ға ұлғайып, 751,56 млрд теңгеденасты. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 тамызға оның көлемі 10,41 млрд теңге болып, 12 айда 14,9% өсім көрсетті. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да айтарлықтай ұлғаюда. 12 ай ішінде 2,5 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 тамызына 1 273,93млрд теңгеболды. Түсімдер Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 7 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 127,27млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,7%-ға (немесе 289,09 млрд теңгеге) артық. МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 тамызға дейін 1 630,80 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 87,69 млрд теңге (өсім – 11,0%), ЕЗЖ – 1251,28 млн теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.08.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 407,53 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.08.2026ж. жағдай бойынша 1233,05 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1083,51млрд теңгеніқұрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 170,95 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 9993 теңге. 2026 жылдың басынан бастап 01.08.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 435,20 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 63,06 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 28,13 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,05 млрд теңге, жерлеуге – 5,56 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 378,56 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,89 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,12 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 тамызында 12,84 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,39 млн - МЗЖ бойынша, 789,48 мыңы - МКЗЖ бойынша, 463,69 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,39 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді. БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 6,06 млнбірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Хабарландыру
«ДробСортКамень Inc» ЖШС «Ақмола облысындағы Сағандық-2 учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары»
«ДробСортКамень Inc» ЖШС «Ақмола облысындағы Сағандық-2 учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары» (қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған №420-EL лицензиясы 2019 жылғы 27 қарашада берілген, 2025 жылғы 25 қарашада ұзартылған) құрамындағы Ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіні туралы хабарлайды. Қоғамдық тыңдаулардың өтетін күні мен орны: 2026 жылғы 20 шілдеде сағат 15:00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Ақмола облысы, Қырыққұдық ауылы, «Сұңқар» мәдени-спорт кешенінің ғимараты (Бөгенбай батыр көшесі, 7-ғимарат). Онлайн форматта қатысу үшін: конференцияның сәйкестендіру нөмірі 817 782 8008, кіру коды 12345, немесе сілтеме арқылы өту қажет https://us06web.zoom.us/j/8177828008?pwd=t7Q6qablkwYE2bNlJuTagMZBF3lokG.1&omn=86574161887 Бастамашы: «ДробСортКамень Inc» ЖШС; БСН: 121140013061; Астана қаласы, Есіл ауданы, Сарайшық көшесі, 34А ғимарат, 307-кеңсе. Әзірлеуші: «Пшенчинова» ЖК; Астана қаласы, Қосшығұлұлы көш., 19 Жергілікті атқарушы орган: «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; 8/7162/40-28-07; [email protected]. Жоба бойынша құжаттама Ұлттық деректер банкінің https://ndbecology.gov.kz/ порталында және сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-tabigat/about?lang=kk сайтында «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде жарияланған. Барлық ескертулер мен ұсыныстар https://ndbecology.gov.kz/ порталында немесе [email protected] жергілікті атқарушы органның электронды мекенжай арқылы қабылданады. Геологиялық учаскенің шекаралары: 71° 35' 00''E; 52° 34' 00''N; 71° 35' 00''E; 52° 36' 00''N; 71° 36' 00''E; 52° 36' 00''N; 71° 36' 00''E; 52° 35' 00''N; 71° 37' 00''E; 52° 35' 00''N; 71° 37' 00''E; 52° 36' 00''N; 71° 38' 00''E; 52° 36' 00''N; 71° 38' 00''E; 52° 35' 00''N; 71° 39' 00''E; 52° 35' 00''N; 71° 39' 00''E; 52° 36' 00''N; 71° 41' 00''E; 52° 36' 00''N; 71° 41' 00''E; 52° 35' 00''N; 71° 40' 00''E; 52° 35' 00''N; 71° 40' 00''E; 52° 34' 00''N