Ақмола облысы Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    "Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Жарлыкөл ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Жарлыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ Жарлыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.