Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Оразақ ауылдық округ әкімінің аппараты (бұдан әрі - әкім аппараты) Оразақ ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    "Целиноград ауданы Оразақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.