Ақмола облысы Сандықтау ауданы Васильев ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Сандықтау ауданының «Васильев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкім аппараты туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Құттықтау

    Құрметті жерлестер! Сіздерді еліміздің мемлекеттік мерекесі — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн баршамыз үшін айрықша, терең мәнге ие. Халқымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен ұлттық батырлардың рухына тағзым ету — біздің қасиетті парызымыз. Олардың Отанға деген жанқиярлық сүйіспеншілігі бүгінгі және келер ұрпаққа жарқын үлгі болып табылады. Тәуелсіздік күні қазақстандықтардың тарихы мен тағдырында ерекше орын алады. Ол өз болашағын өзі айқындауды таңдаған, еркін елде өмір сүруді мақсат еткен халқымыздың бірлігі мен ынтымағын айшықтайды. Бүгінде Қазақстан — дамыған экономикасы мен зор әлеуеті бар, азаматтарының өмір сүру сапасын қамтамасыз ететін заманауи демократиялық мемлекет. Ауданымызда қырықтан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, еңбек етуде. Бұл — еліміздегі ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың айқын дәлелі. Әрбір шаңыраққа, әрбір отбасына зор денсаулық, бақ-береке, тыныштық пен толағай табыс тілеймін. Туған жерімізде әрдайым бірлік пен өркендеу салтанат құрсын!

    18 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қарттар күніне арналған іс-шара

    Васильев ауылдық Мәдениет үйінде Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Васильев ауылдық округінің әкімі үлкен буын өкілдерін мерекемен құттықтап, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесіне, ауылдың дамуына қосқан үлесіне алғысын білдіріп, баршаға мықты денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі. Өнерпаздар ұжымы қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әсем ән мен билерден тұратын концерттік бағдарлама ұсынды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар дәстүрлі шай дастарханына шақырылды.

    1 қазан 2025 ж.Тікелей
    Қағида

    «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Жарияланды:
    Қағида

    «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Жарияланды:
    Қағида

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Жарияланды:
    Қағида

    Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Жарияланды:
    Қағида

    «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Жарияланды:
    Қағида

    Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Жарияланды: