
Сенгирбаев Қанат Қарбайұлы
Әкім
Сенгирбаев Қанат Қарбайұлы 1978 жылы 21 қаңтарда Балқаш ауданы Дорогинка ауылында дүниеге келген. 1996 жылдың желтоқсанынан 2004 жылдың қазан айына дейін Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, "Широкое" ЖШС механизаторы болып жұмыс істеді. 2004 жылғы шілдеден 2005 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК жүргізуші лауазымында жұмыс істеді. 2005 жылдың шілде-қазан айлары аралығында "Ақмола Агроорталығы" ЖШС-де жүргізуші болып жұмыс істеді. 2005 жылғы қарашадан 2007 жылғы қыркүйекке дейін "Бавитерек А"ақ слесарі болып жұмыс істеді. 2007 жылдың қазанынан 2008 жылдың қаңтарына дейін "Қазавтотранс"ЖШС жүргізушісі болып жұмыс істеді. 2008 жылдың тамызынан 2022 жылдың қазанына дейін Ақмола облысы ІІД ПІБ ЖҚБ жол полициясы инспекторы қызметін атқарды Қызмет өткеру барысында бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, медальдармен марапатталған. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.