Ерейментау ауданы әкімінің және Сілеті ауылы әкімінің есептік кездесуі
Құрметті Сілеті ауылының тұрғындары! Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес: 20 қазан күні сағат 15:00-де Сілеті ауылы әкімдігінің ғимаратында Ерейментау ауданының әкімі Мұқатов Н.З. және Сілеті ауылының әкімі Құсман Жарқынгүлдің 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша есептік кездесуі өтеді. Кездесу аяқталғаннан кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдайды. Тұрғындардың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін білдіру үшін әкімдік ғимаратында өтініштерге арналған жәшік орнатылған.