Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    "Ақмырза ауылдық округінің әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақмырза округінің әкімдігі мен әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Хаттама

    2026 жылғы 15 қазандағы Ерейментау ауданы әкімі Н.З. Мұқатов пен Ақмырза ауылдық округінің әкімі К. Қ. Дюсеновтың ауылдық округ тұрғындарымен тұрақты кездесуінің хаттамасы.

    Ерейментау ауданы әкімі Н.З. Мұқатов пен Ақмырза ауылдық округінің әкімі К. Қ. Дюсеновтың ауылдық округ тұрғындарымен тұрақты кездесуініңхаттамасы. Ақмырза ауылы 2026 жылғы 15 қазан Өтетін орны: Ақмырза орта мектебінің акт залы Өткізу уақыты: сағат 15-00 Жиынға ауыл тұрғындары қатысты: барлығы 46 адам, оның ішінде офлайн – 35 адам, онлайн – 11 адам Тұрғындар жиынының төрағасы: Дюсенов К. Қ. Тұрғындар жиынының хатшысы: Несипбаева Л.Ж. Жергілікті атқарушы органдардан қатысты: Б.Н. Ибраев - Ерейментау аудынының әкім аппаратының басшысы. А.М.Шорцев - Ерейментау ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының м.а. Ш.К.Бекбаева – Ерейментау ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі. Е.Б.Кыздарбеков – Ерейментау ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы. И.А.Рзаев – Ерейментау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. Н.З.Каиржанов – Ерейментау Су Арнасы кәсіпорнының директоры. М.О. Искаков - Ақмырза ауылының Ерейментау ББ учаскелік полиция инспекторы. Күн тәртібінде: Ақмырза ауылдық округінің әкімі К. Қ. Дюсеновтың «2026 жылғы 9 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2027 жылға жоспарланған міндеттер туралы» баяндамасы Ерейментау ауданының әкімі Н.З. Мұқатовтың «2026 жылғы 9 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2027 жылға жоспарланған міндеттер туралы» баяндамасы Тыңдалды: Ақмырза ауылдық округінің әкімі К. Қ. Дюсеновтың «2026 жылғы 9 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2027 жылға жоспарланған міндеттер туралы» Тыңдалды: Ерейментау ауданының әкімі Н.З. Мұқатовтың «2026 жылғы 9 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2027 жылға жоспарланған міндеттер туралы» Есеп беру кездесуі барысында тұрғындар сұрақтар қойып, оларға түсініктемелер мен толық жауаптар берілді. Есепті кездесудің шешімі Ақмырза ауылдық округі әкімінің «2026 жылғы 9 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2027 жылға жоспарланған міндеттер туралы» баяндамасы назарға алынсын. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкіміне жүктелсін. Тұрғындар жиынының төрағасы: К.Дюсенов Тұрғындар жиынының хатшысы: Л. Несипбаева

    Жарияланды:
    Баяндама

    Ақмырза ауылдық округінің 2026 жылғы 9 айдағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары және 2027 жылға арналған жоспарлары

    Ақмырза ауылдық округінің 2026жылғы9айдағы әлеуметтікэкономикалық даму қорытындылары және 2027 жылға арналғанжоспарлары бойынша баяндама Бүгін сіздерге Ақмырза ауылдық округінің 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2027 жылға арналған жоспарлары туралы айтып өткім келеді. Ақмырза ауылында қазіргі таңда 700 адам тұрады. Оның ішінде 354 адам еңбекке жарамды жаста, 80 зейнеткер, 15 мүгедектігі бар азамат бар, оның ішінде 16 жасқа дейінгі 3 бала бар. Ауылда жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мектепте 109 бала екі тілде білім алады. Сонымен қатар мектеп жанында 13 балаға арналған «Жұлдыз» шағын орталығы жұмыс істейді. 2026 жылғы 9 айыда ауылдық округ әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардан 16 өтініш түсті. Тұрғындарды қабылдау үшін арнайы қабылдау кестесі бекітілген және жазбаша өтініштерге арналған жәшік орнатылған. Электрондық үкімет бұрышы арқылы тұрғындарға 93 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Өзін-өзі қызмет көрсету орны бар. Ақпараттық стендтер уақытылы жаңартылып отырады. Ақмырза ауылында 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Олар: «Ақмырза 2050», «Ырысалы», «Самғау» және «Темірбек-2». Сонымен қатар 10 шаруа қожалығы, 10 жеке кәсіпкер және 44 өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат бар. Олардың барлығы өз жұмыстарын жүргізіп, ауылдың дамуына және халықты жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді. Ауылдық округтің негізгі саласы — ауыл шаруашылығы. Қазіргі таңда округте 3 479 бас ірі қара, 5 613 бас ұсақ мал, 25 бас шошқа және 2 526 бас жылқы бар. 2026 жылдың 9 айында малдарға қажетті ветеринариялық жұмыстар мен вакцинация жүргізілді. Құтыру ауруына қарсы 2 100 бас ірі қара және 1 900 бас ұсақ мал егілді. Туберкулезге қарсы 2 550 бас ірі қара тексерілді. Сібір жарасына қарсы 1 400 бас ірі қара, 3 700 бас ұсақ мал және 25 бас шошқа егілді. Эмкар ауруына қарсы 1 300 бас ірі қара, нодулярлық дерматитке қарсы 1 450 бас ірі қара егілді. Аусылға қарсы 4 900 бас ірі қараға, оның ішінде ревакцинация жүргізіліп, 5 460 бас ұсақ малға вакцина салынды. Сонымен қатар құс тұмауына қарсы 1 600 құс, құтыруға қарсы 8 мысық егілді. Эхинококкозға қарсы 26 мысыққа тиісті жұмыстар жүргізілді. Зерттеу мақсатында 10 иттен, 4 094 бас ірі қарадан және 4 526 бас ұсақ малдан қан алынды. 2026 жылдың 9 айында бюджетке 30 740,9 мың теңге түсті. Жоспар 26 867,5 мың теңге болған. Оның ішінде салық түсімдері — 6 685,56 мың теңге, аудандық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер — 229,0 мың теңге, ал әкім аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған субвенция — 22 436,0 мың теңге. Бос қалдық қаражаты есебінен 2 027,0 мың теңге Құрылтай аясында стенд жасауға және әкімдіктің жаңа ғимаратын жылытуға қарастырылды. Ауылдың жолдарын күтіп ұстау және абаттандыру жұмыстарына да көңіл бөлінуде. Күзгі және қысқы кезеңде «Шпекпаев» жеке кәсіпкерлігі тарапынан ауыл ішіндегі және кірме жолдарда қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Жолдарды күтіп ұстауға 600,0 мың теңге бөлінді. Әкімдік тұрғындармен бірге ауылды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. 2026 жылғы 17–18 қыркүйек күндері «Шпекбаев» жеке кәсіпкерлігі арқылы Ақмырза ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстардың жалпы құны 388,0 мың теңгені құрады. Ауылда спорт пен мәдениетті дамытуға да көңіл бөлінеді. Наурыз айында «Наурыз» мерекесіне арналған спорттық іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларды өткізуге 140 мың теңге бөлінді. 2027 жылға арналған негізгі міндеттер: Жоғарыда атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, 2027 жылға алдымызға мынадай негізгі міндеттер қойып отырмыз: Ауылды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жалғастыру.Автобанға дейінгі ұзындығы 6 шақырым жол учаскесін жөндеу жұмыстарын жалғастыру. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылуына бақылау жасап, тұрғындарға қолдау көрсету. Ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және ауыл тұрғындарын қолдау жұмыстарын жалғастыру. Қорытындылай келе, алдағы уақытта да ауыл тұрғындарымен бірлесіп, ауылымыздың дамуы үшін жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы 1 қыркүйекке арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы 1 тамызға арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғындармен көтерілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен халықпен тұрақты кездесу барысында Ақмырза ауылдық округінің әкімі 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 14 өкім негізінде, сондай-ақ халық тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ҚТҚ аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар ұйымдастырды. Аталған мәселе халық тарапынан көтеріліп, әлеуметтік маңызы бар мәселелердің бірі ретінде белгіленді. Осыған байланысты ҚТҚ аумағының санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді. Жұмыстар 2026 жылғы 17–18 қыркүйек аралығында жүргізілді. Аталған жұмыстарды орындауға арнайы техникамен «Шпекбаев» ЖК қатысты. Жұмыстар барысында ҚТҚ аумағының санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында тұрмыстық қалдықтардың ұсақ үйінділерін жинау, үйіп орналастыру және полигонның ішкі бөлігіне қарай жылжыту жұмыстары жүргізілді. Қойылған мәселе толықтай шешілді.

    Жарияланды:
    Өкім

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы (16.09.2026 ж. №21)

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес: Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты осы өкімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. К.Дюсенов Ақмырза ауылдық округінің2026 жылғы «16» қыркүйектегі№ 21 өкімімен бекітілген Ақмола облысыЕрейментау ауданы« Ақмырза ауылдық округіәкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) қызметкерлерінің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауына және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін айқындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері: қызметкерлердің орнықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың теріс салдарының алдын алу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт: Мекеме функцияларын жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде Мекеме қызметінде қолданылады; Мекеменің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты тиісінше орындамағаны үшін Мекеме қызметкерлері дербес жауапты болады. 2-тарау. Мекеме қызметкерлері мен лауазымды адамдарының мінез-құлық қағидалары 2.Қызметкерлер мен лауазымды адамдар өз қызметінде: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін ашуға белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болуға; адал, әділ, қарапайым болуға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге; өз әрекеттері мен мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп болмауға, сын айтқаны үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануға; әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды талап етуге және оны қолдауға; заңнамаға сәйкес келмейтін және Мекеменің мүдделеріне қайшы келетін, біреуге кәсіпкерлік және табыс алуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған әрекеттерді жасаудан бас тартуға; жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге; басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндірмеуге; өз функциялары мен лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін заңды және жеке тұлғалардан сыйақы, оның ішінде ақшалай қаражат, қызмет, сыйлықтар, тауарлар қабылдамауға; қызметтік және таратуға жатпайтын өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында пайдаланбауға; Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңында көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден бас тартпауға; шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға; лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға, негізсіз бюрократияға, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық танытуға жол бермеуге; Мекеме құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініш білдірген адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдардың, Мекеме қызметкерлерінің және өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін лауазымдық жағдайын пайдаланбауға; заңдылық қағидатын басшылыққа алуға, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті. Өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде: функцияларды өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуға; өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері, сондай-ақ материалдарды жедел қарағаны немесе созбалаңға салғаны үшін қандай да бір пайда алуға көндіру фактілері туралы басшылыққа дереу баяндауға; мүліктік пайда, игілік немесе артықшылық алу мақсатында әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды адамдарға сыйлық бермеуге және қызметтік емес қызмет көрсетпеуге; мүдделер қақтығысы, қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке мүдделіліктің туындауы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына және сыйлықтар алуға көндіру фактілері туралы тікелей немесе жоғары тұрған басшыға баяндауға; жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермеуге, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болуға; орындауға берілген тапсырманың заңдылығына күмән туындаған жағдайда тікелей басшыға дереу жазбаша түрде хабарлауға; жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық әрекеті туралы басшылыққа дереу баяндауға; бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерінің көлемін нақты және айқын айқындауға; мүдделер қақтығысына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны жою жөнінде шаралар қабылдауға; тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған жағдайда жоғары тұрған басшылыққа жүгінуге; бағыныстағы қызметкерлер арасында еңбек жүктемесінің біркелкі бөлінбеуіне жол бермеуге; олардың қызмет нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілікті қамтамасыз етуге; қызметтік жағдайын бағынысты қызметкерлердің қызметіне қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ықпал ету үшін пайдаланбауға. Мекеменің ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын дайындау кезінде: ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу сатысында заңда белгіленген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз ескеруге; әзірленетін ішкі нормативтік құжаттардың жобалары нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуін қамтамасыз етуге; ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын дайындау барысында Мекеменің және өзге де заңды тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге; ішкі нормативтік құжаттардың жобалары Мекеменің құзыретінен тыс шықпауға; басқа құрылымдық бөлімшелердің мүдделерін қозғайтын әзірленген ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын тиісті құрылымдық бөлімшелермен талқылау және келісу рәсімінен өткізуге; ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды пайдаланбауға; ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде жекелеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесі үшін нормалардың қабылдануына жол бермеуге. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезінде лауазымды адамдарға: сатып алуға пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау; Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге сатып алу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу; атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) қатысуына жол бермеу ұсынылады. Мекеме қызметінің саласында туындайтын өзге де қарым-қатынастар кезінде: өтініштерді қабылдаудан негізсіз бас тартуға, оларды қарау барысында созбалаңға салуға және анық емес мәліметтер ұсыну фактілеріне жол бермеуге; өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін пайдаланбауға; дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке, әдеп нормаларына қайшы мінез-құлыққа жол бермеуге; туыстық, жерлестік және жеке берілгендік белгілері бойынша кадрларды іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге; анық орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінің шегінен шығатын, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеуге; Мекеме қызметкерлерімен немесе тәуелді жағдайдағы адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға; Іскерлік әдеп кодексін сақтауға; өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы Мекеме басшылығына және (немесе) құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға; Қазақстан Республикасының заңдарында тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеуге; Мекеме қызметкерлерін қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындауға тартпауға; азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға; басшылардың тапсырмаларын, Мекеме лауазымды адамдарының өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарған бұйрықтары мен өкімдерін орындауға; Мекеме қызметкерлерінің жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтерді жария етпеуге; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Мекеме қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылау «Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктеледі. Ақмола облысы Ерейментау ауданы « Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты»

    Жарияланды: