Қызметкерлер — Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Жапаев Бақтыбек Бекенұлы
    Қызметкерлер

    Жапаев Бақтыбек Бекенұлы

    Ақмола облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы

    Бақтыбек Бекенұлы Жапаев 1975 жылы туған. Білімі жоғары. 2004 жылы Павлодар университетін "электрмен жабдықтау және электрофикация"мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Инновациялық Еуразия университетін бітіргеннен кейін "электр энергетикасы"мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді. 2017 жылы КАЗГЮУ университетін бітірген, іскерлік әкімшілендіру докторы дәрежесіне ие.

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1

    Бөлім

    5

    Басқа қызметкерлер

    1
    Нұрмағамбетова Анара Құланмергенқызы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Нұрмағамбетова Анара Құланмергенқызы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қаржы-экономикалық жұмыстарды, профильдік бөлімдердің қызметін үйлестіруді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді, жоғары тұрған органдарға есептілік пен ақпарат дайындауды, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелеріне жетекшілік етеді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру, мемлекеттік сараптаманың жүргізілуін бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін әзірлеу, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар шараларын үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері де құзыретіне кіреді.