Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кенті әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    «Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ) селолық округ әкімінің қызметі саласында басшылықты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    «Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ миссиясы:

    Кент тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін қолайлы өмірлік жағдай жасауда мемлекеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік туғызатын селолық округ әкімінің қызметін ұйымдастырулық-құқықтық, ақпараттық-аналитикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

    Міндеттер:

    1) кент әкімінің қызметін ұйымдастырулық - құқықтық қамтамасыз ету;

    2) кент әкімінің қызметін ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету;

    3) кент әкімінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.