Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    "Арнасай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Арнасай ауылдық округі әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық саладағы қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.

    "Арнасай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімдігінің және әкімінің, аудан әкімдігінің және әкімінің нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.