"Бостан ауылдық округі әкімінің аппараты»
«Бостан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; ауылдың коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал етеді; өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдай, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекетті жасауды ұйымдастырады; аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады; мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-көпшілік және ағартушылық iс-шараларын ұйымдастырады; мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi; халықтың әлеуметтiк мүжәлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi; ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына кадрлық қамтамасыз етуге ықпал етеді; жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді; қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады; статистикалық және шаруашылық есебін жүргізеді, ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру бойынша дерекқорларды жүргізеді, мал басына анықтамалар беру жұмысын ұйымдастырады; мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде елді-мекендерді сумен жабдықтауды және су пайдалану мәселелерін реттеуді қамтамасыз етеді; ауылды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқару түсімдерін және шығыс қаражаты жоспарын бекітеді.