Мичурин ауылдық округі
Жалпы ақпарат
Мичурин ауылдық округінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-сінде тұрғындарға төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
4. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
5. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу;
6. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі
Қазіргі таңда «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі электрондық форматқа көшірілген. Азаматтар «электрондық үкімет» E-gov.kz порталы арқылы өз бетінше электрондық кезекке тұра алады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-сінің әкімшілік ғимаратында E-gov.kz порталы арқылы қызмет алушыларға өзіне-өзі қызмет көрсету орны ұйымдастырылған.
Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар, қызмет көрсету мерзімдері және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсетушінің шешімдеріне, әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Құрметті округ тұрғындары!
Мемлекеттік қызметтерді алу және олар бойынша қажетті ақпаратты алу үшін Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-сіне жүгінуге болады.