Мұнайшы ауылы әкімінің аппараты
«Мұнайшы ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; ауылдың коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал етеді; өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдай, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады; жұмыспен қамту органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жұмыссыздарды белгілеп отырады; аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді; қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады; мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-көпшілік және ағартушылық iс-шараларын ұйымдастырады; мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi; халықтың әлеуметтiк мүжәлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi; ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына кадрлық қамтамасыз етуге ықпал етеді; жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі; қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады; шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады, ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру бойынша дерекқорларды жүргізеді, мал басына анықтамалар беру жұмысын ұйымдастырады; мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде елді-мекендерді сумен жабдықтауды және су пайдалану мәселелерін реттеуді қамтамасыз етеді; ауылды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;