Аппарат акима района "Сарайшық" города Астаны

    Кадрлық менеджмент бөлімі

    Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару стратегиясын әзірлейді және іске асырады. Аудан әкімі аппаратында кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастырады. Аудан әкімі аппаратында кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппаратында еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді, еңбек режимі мен жағдайларының

    сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізеді, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілетеді, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.