"Алматы" ауданы әкімінің аппараты
әкімінің аппараты
Аудан әкімі аппараты басшысының міндеттері
- Аудан әкімінің және әкім аппаратының қызметін ақпараттық талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
- Аудан әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері.
- Ақпараттық технологияларды және ақпараттық қауіпсіздікті дамытуды үйлестіру.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу және бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету мәселелері.
- Аудан әкімінің актілері жобасын дайындау және ұйымдастыру, жоғары тұрған органдардың актілерінің орындалуын ұйымдастыру, тиісті орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету және кадрлық мәселелерді жүзеге асыру бағыттарында басшылық жасау.
- Әкімшілік ғимарат пен көлікке қызмет көрсетуін бақылау және ұйымдастыру.
- Аудан әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық ету.
- «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылды күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 Жарлығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы, бұл үшін жеке жауапкершілік бекіту арқылы, іс- әрекет етуге міндетті.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау.