Жақсықылыш кенті әкімінің аппараты

    Жалпы ақпарат

    1) Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық және аудандық мәслихаттардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету және ауылдық округ аймағындағы орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың олардың жүзеге асырғанына бақылау жасау;
    2) ауылдық округтің және ауылдың экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшін жағдай жасау, әлеуметтік ахуалды жақсарту, нарықтық қатынастарды, жеке кәсіпкерлікті, республикалық, облыстық және қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тәжірибесін зерттеу және қорыту;
    3) аудандық және облыстық әкімдіктер мен мәслихаттармен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен, партиялармен, конфессиялармен және азаматтармен өзара қарым қатынастарды қамтамасыз ету;
    4) ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
    5) мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі;
    6) ауылдық округ әкімі белгілейтін өзге міндеттерді жүзеге асыру.
    7) жергілікті бюджеттің атқарылуын іске асыру және талдау жасау, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебін заңдылықпен белгіленген мерзімде өкілетті органдарға тапсыру;
    8) жергілікті бюджеттегі түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
    9) өз құзіретінің шегінде жергілікті коммуналдық меншікке иелік жасау, пайдалану, билік ету, жекешелендіру бағдарламаларының нақты түрлері мен әдістерін қолдана отырып іске асыру;
    10) жергілікті коммуналдық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
    11) жекешелендіруге жататын жергілікті коммуналдық меншік объектілерін сату алдындағы дайындауды, коммуналдық меншік объектілерін, жайларды және басқа мүліктерді сатуда, мүлікті жалға (жалдауға) және сенімгерлікпен басқаруға беруді және мәмілелердің өзге де түрлерін ұйымдастыру;
    12) сатып алушылардың жергілікті коммуналдық меншік объектілерін сатып алу, сату шарттарына сәйкес міндеттемелерін орындау жөніндегі тексерулерді, сондай-ақ өз құзіретінің шегінде өзге де келісім шарттық міндеттмелердің орындалуына тексеру жүргізуді жүзеге асыру;
    13) жергілікті коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
    14) жергілікті коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген, ауданның жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жүргізілуі мүмкін жергілікті коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алады;
    15) жергілікті коммуналдық мүлікті жекешелендіру жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
    16) жергілікті коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;
    17) жергілікті коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
    18) жергілікті коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
    19) жергілікті коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
    20) сенімгерлікпен басқарушының жергілікті коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
    21) жергілікті коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектілерінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
    22) ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
    23) жиынтық есепке алудың жүргізілуіне және өз құзіретінің шегінде жергілікті коммуналдық меншіктің мақсатты және тиімді пайдалнуына бақылауды жүзеге асыру;