Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты

    Жалпы ақпарат

    Атырау облысы Жылыой ауданының Қосшағыл поселкесі 1934 жылы құрылып, 1994 жылдан Қосшағыл селолық округі болып аталды, орталығы Қосшағыл селосы. Селолық округі батысында Жем селолық округімен, шығысында «Жаңа таң» жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен, оңтүстігінде Теңіз кенорнымен, солтүстігінде Ақтөбе облысымен шекаралас.

    Облыс орталығы Атырау қаласынан 242 шақырым, аудан орталығы Құлсары қаласынан 18 шақырым. Селоның аумағы 1292687 га. Халық саны 3649 адам.