Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты
«Шығыс Қазақстан облысы Күршім
ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
2019 жыл
Аудан әкімдігінің 2019 жылғы «___»___________ № ________қаулысына қосымша
«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ережелер
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіруді жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанадағы заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық құқықтық қарым-қатынастарға түседі.
- « Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 071200, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қалғұты ауылы, Мұканова көшесі, 36.
- Мемлекеттік органның толық атауы-«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
- Ауылдық округ әкімінің аппаратын аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Қалғұты ауылдық округі әкімі аппаратының құрылтайшысы-аудандық әкімдік болып табылады.
- Осы Ереже «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеу тәртібі.
- « Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты 8.00-ден 17.30-ға дейін.
- Демалыс күндері –сенбі, жексенбі. Түскі демалыс уақыты-12.00-ден 13.30-ға дейін.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндеттері:
1) Ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді жүзеге асырады.
- Функциялары:
1) Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:
-ауылдық округ әкімінің атына түсетін қызметтік корреспонденция бойынша іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, әкімнің тапсырмалары мен алға қойған міндеттерді орындау;
-азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.
-жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
-бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
-жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
-ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
-жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
-ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
-жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
-ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
-мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
-мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
2) Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
-өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
-егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
-шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
-мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
-аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
- коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
-жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
-мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
-мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
-жергілікті 0020 өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
-Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
19 . Құқықтары мен міндеттері:
1) Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:
-Мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
- Мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
-Мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
- Шарттар, келісімдер жасасуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
2) Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
- Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және әкімдігінің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
- Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
4.«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты
ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімін аудан әкімі облыс әкімінің келісімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімнің өкілеттігі:
1) әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
3) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі.
5) әкімі аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
6) стратегиялық жоспарды және әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.
8) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
9) ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
10) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі.
11) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай ақ жұмылдыру туралы мәселелер бойынша
Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
12) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады.
13) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
14) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
15) қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік -құқықтық көмек көрсетеді.
16) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
17) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
18) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады.
19) жергілікті өзін өзі басқару органдарымен өзара іс қимыл жасайды;
20) шаруашылықт ар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
21) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
22) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
23) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді.
24) елді мекендерді аббаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
25) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
26) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
27) жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
28) бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
29) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
30) ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
31) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
32) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;
33) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
34) «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
35) Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
36) Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.
37) Әкім болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
38) Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
- «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Күршім ауданы әкімінің
аппарат басшысы А.Абилмажинов