Арал қаласы әкімінің аппараты
Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларын,
облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық және аудандық мәслихаттардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету және қала аймағындағы орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың олардың жүзеге асырғанына бақылау жасау;
қаланың экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшін жағдай жасау, әлеуметтік ахуалды жақсарту, нарықтық қатынастарды,
жеке кәсіпкерлікті, республикалық, облыстық және қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тәжірибесін зерттеу және қорыту;
аудандық және облыстық әкімдіктер мен мәслихаттармен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен, партиялармен, конфессиялармен және азаматтармен өзара қарым қатынастарды қамтамасыз ету;
қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау, қала әкімі аппаратының қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі;
Қала әкімі белгілейтін өзге міндеттерді жүзеге асыру.