Ақтау қаласы әкімі аппараты баспасөз қызметі жөніндегі бас инспектор

    Әкімдік туралы

    Баспасөз қызметі бөлімі (әрі қарай - Бөлім) Ақтау қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.

    Осы лауазымдағы мемлекеттік әкімшілік қызметші өз құзыреті мен өклеттілігін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

    Баспасөз қызметі бөлімінің бас маманы аппарат басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

    1. Осы лауазымдағы мемлекеттік әкімшілік қызметші қала әкімі аппаратының басшысына бағынады және есеп береді.

    2. Осы лауазымдағы мемлекеттік әкімшілік қызметші уақытша болмаған кезеңде қала әкімі аппарат басшысының келісімімен бөлімнің бас маманы оның қызметтік міндеттерін атқарады.