«Зайсан ауданының Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Біржан ауылдық округі 1993 жылы құрылған. Ірі елді мекендері: Біржан, Ақарал, Қуаныш ауылдары. Барлық ауданы - 80943 га.
Негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы.
Оның ішінде егіндік – 3114га, шабындық – 8824га, жайылымдық – 64708 гектарды құрайды.
Осы үш елді мекенде тұратын халықтың саны бүгінгі күні 1549 адам.
Біржан ауылында – 975, Қуаныш – 431, Ақаралда – 143 адам тұрады.
Осы елді мекенде тұратын халыққа екі мектеп (бір орта, бір орталау), 1 емхана, 2 фельдшерлік пункт, 1 клуб үйі, 1 пошта байланыс бөлімшесі, 1 ветеринариялық қызмет пункті / 9 малдәрігері /, 1 кітапхана, 1 мал сою алаңы, 1 таза ауыз су жүйесі, 3 дүкен, 1 наубайхана, 78 мал және егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары (31-і мал шаруашылығымен, 31-і егін шаруашылығымен, 15 адам шаппалық жер үшін шаруа қожалығын құрғандар), 4 әлеуметтік қызметкер, 1 учаскелік полиция инспекторы, 2 май сығу цехы, ауылдық әкім аппараты қызмет көрсетеді.