«Ертіс» ӘКК» АҚ-ның құрылтайшысы
«Ертіс» ӘКК» АҚ-ның құрылтайшысы «ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ тұлғасында ШҚО-ның әкімдігі болып табылады.
«Ертіс» ӘКК-ның миссиясы Мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу. «Ертіс» ӘКК-ның пайымы Активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестицияларды тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастыратын катализатор ретінде әрекет ететін өңірлік даму институты.
«Ертіс» ӘКК қызметінің негізгі қағидаттары «Ертіс» ӘКК-ның қызметі транспаренттілік, кешенділік және басымдылық қағидаттарына негізделеді.
«Ертіс» ӘКК-ның міндеттері «Ертіс» ӘКК-ның мақсаттарына жетуі мына негізгі мәселелердің шешілуіне негізделеді: мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүй есін құру; өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын енгізу; мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірісті құру; инвестицияны тарту және инновацияны ендіру үшін жағымды орта қалыптастыру;