«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ

    Жалпы ақпарат

    Орталықтың қызметі «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы» РМҚК таратылып, оның функцияларын «Талдау» АҚ-ға тапсырылғаннан кейін кеңейді (ҚР ҮҚ 29.12.2014 ж. № 1392). Нәтижесінде Орталық Білім беру жүйесін дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды, ЭЫДҰ-ның PISA, PIAAC, TALIS, PBTS және IEA Халықаралық білім жетістіктерін бағалау қауымдастығының TIMSS, PIRLS, ICILS халықаралық салыстырмалы зерттеулерін жүргізуді бастады. Сонымен қатар Орталық Ұлттық білім беру дерекқорын (ҰБДҚ) белсенді дамыта бастады және ғылыми аккредитациясының негізінде 2018 жылдан бастап ғылыми зерттеулерді іске асырып келеді.

    Орталық жұмысының нәтижелері білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Орталықтың ЭЫДҰ-мен белсенді ынтымақтастығы және елдік шолуларды дайындауға қатысуы Қазақстанның ЭЫДҰ-ның Білім саясаты жөніндегі комитетіне «Қатысушы» мәртебесінде қабылдануына айтарлықтай ықпал етті.

    2017 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның қызметкерлерімен Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі білім көрсеткіштері бойынша әдіснамалық пікірталастардың нәтижесінде көрсеткіштердің жақсаруына ықпал етті: мысалы, бастауыш білім берумен қамту көрсеткіші рейтингте 118-орыннан 4-орынға дейін (+114 орын) өзгертілді. ҰБДҚ-ны құру бойынша жұмыс мемлекеттік қызметтердің шамамен 85%-ын автоматтандыруға мүмкіндік берді.

    2022 жылы нәтижелі жұмыстың арқасында Оқу-ағарту министрлігі Орталықты білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізуді үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды, сондай-ақ «Ұлттық білім беру дерекқоры» АЖ-ны қалыптастыруды, қолдап отыруды, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, оны интеграциялауды және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде айқындады.