Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округі әкімінің аппараты
Хазірет ауылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының елді мекені болып табылады және Хазірет ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып саналады.
Хазірет ауылдық округі облыс орталығы — Ақтөбе қаласынан 70 шақырым және аудан орталығынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан.
Ауылдық округтің жалпы аумағы 45 152 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер — 39 463 гектар.
Хазірет ауылдық округінің құрамына екі елді мекен кіреді: Хазірет ауылы және Жездібай ауылы. Хазірет ауылында 328 адам (98 аула), Жездібай ауылында 25 адам (11 аула) тұрады.
Ауылдық округ аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары жұмыс істейді: Мәдениет үйі, фельдшерлік-акушерлік пункт, жалпы білім беретін мектеп, ауылдық кітапхана, футбол алаңы және балалар ойын алаңы.