Қызметкерлер — Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

    Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Аманчин Султан Аскарулы
    Қызметкерлер

    Аманчин Султан Аскарулы

    «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет құрылыс – бақылау басқармасы» ММ басшысы

    Сұлтан Аманчин 1993 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 2013 ж. – Ақтөбе сәулет-құрылыс колледжін «Сәулет», 2016 ж. – Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құрылыс» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2014 жылы «Ақтөбе геодезия орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобалаушысы болып бастаған. 2015–2020 жж. – «Shanyrak-Aktobe» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры; 2020–2023 жж. - Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

    Таңкиев Әділбек Қәдірғалиұлы
    Қызметкерлер

    Таңкиев Әділбек Қәдірғалиұлы

    «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет құрылыс – бақылау басқармасы» ММ басшысының орынбасары

    Таңкиев Әділбек Қәдірғалиұлы – 1990 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы . Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2011 жыл - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті РМҚК, «Есеп және аудит» 2024 жыл - Қазақ-Орыс Халықаралық университеті «құрылыс» мамандықтары бойынша тәмамдаған . Еңбек жолын 2007 жылы «Экипаж KZ» ЖШС бухгалтер-кеңесші болып бастаған. 2010-2012 жылдары «Элеттра Энерджия Спа» ЖШС кадр бөлімінің әкімшісі, «Болашак Атырау» ЖШС кадр бөлімінің әкімшісі болып қызмет атқарған. 2015-2020 жылдары «Атырау Innovations» ЖШС директорының орынбасары, «SHARGA MSC» ЖШС директоры, «Смарт Атырау» КММ директоры. 2020-2021 жж «Ақтөбе қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ 2021-2022 жж «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы 2023-2024 жж «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының орынбасары, 2024-2026 жж Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің орынбасары 19.02.-16.03.2026 ж «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ мемлекеттік қызмет көрсету және әкімшілік жұмыс бөлімінің басшысы

    Уполномоченный по этике

    1

    Басқа қызметкерлер

    1
    Абдрешов Серік Жақсылықұлы
    Қызметкерлер

    Абдрешов Серік Жақсылықұлы

    Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы

    Абдрешов Серик Жаксылыкович – 1991 жылы Арқалық қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2014 жыл - Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану», 2019 жыл - Жәңгір хан атындағы Батыс- Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Құрылыс» мамандықтары бойынша тәмамдаған . Еңбек жолын 2009 жылы «Ақтөбе Техно Сервис» ЖШС тауарларды сату жөніндегі менеджері болып бастаған. 2009-2014 жылдар аралағында «Элит Форс» ЖШС-нің қауіпсіздік қызметі, «Біржолғы талондарды беру бөлімі» ММ бас инспекторы қызмтерін атқарған. 2015-2018 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ техникалық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2019-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің «Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті» ММ тылдық қамтамасыз ету тобы бас маманы, «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы. 11.01.2024 жылдан бастап өазіргі уақытта - «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы.