Құрылым — Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы

    Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Тексеру комиссиясы

    Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы

    «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Тексеру комиссиясы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, логотипі, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Тексеру комиссиясының миссиясы облысының аумағында қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.

    aktob-revkom