Ақсаң ауылдық округі

    Жалпы ақпарат

    Ақсаң ауылдық округінің жалпы аумағы 117184 шаршы шақырымды құрайды.

    Құрамына үш елді мекен қарайды: Ақсаң ауылы, Қаражар ауылы және Жалғызқайың ауылы. Жалпы округ бойынша халық саны 930 адам. 212 аула бар, оның ішінде: Ақсаң ауылында 81 аула (330 адам), Қаражар ауылында 79 (333 адам), Жалғызқайың ауылында 52 аула (267 адам).

    Экономикалық белсенді тұрғындар саны - 514 адам, 105 зейнеткер, 32 адам 1,2,3 топтағы мүгедектер. Жастар саны - 156. Арнайы оқу орынында - 35, жоғары оқу орынында - 15, жұмыс істейтіндер сан - 62 .

    Округ бойынша жалпы орта білім беру мектебі-2, шағын орталық-2, Мәдениет үйі-1, клуб- 2, 1 мешіт, дәрігерлік пункт-3, кітапхана-3, Қазпошта бөлімшесі-1, дүкен саны-1, шағын футбол алаңы -1.

    Округтің негізгі мал шаруашылығымен айналысады. Округте жалпы ірі қараның саны – 5009 бас; қой, ешкі – 5984 бас; жылқы – 4535 бас; құстар – 1102 бас құрайды. Округ бойынша 42-шаруа қожалықтары .Асыл тұқымды мал өсіру ісі де жақсы дамып келеді.

    Округ бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. «Шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері тегін тасымалдау» , елді мекен аумағында объектілер салу үшін жер учаскесін беру.

    Ақсаң ауылына демеушілік қаражат есебінен 2018-шы жылы жаңадан мешіт құрылысы салынды.

    2020 жылы Ақсаң ауылына орталықтандырылған су құбыры жүйесі тартылды.

    Ауыл әкімдігінде «Мемлекетік қызметкерлердің «Әдеп Кодексі» орналастырылған, сенім телефоны бар, мемлекеттік қызметкерлердің әдебін бақылау кітабын қарауға қамтамасыз етілді. Ауыл тұрғындарынан ескертулер мен ұсыныстарға арналған жәшік орналастырылған. Ауыл тұрғындарына арналған «Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өздігінен алу бұрышы» ашылған.

    Әкімшілік мемлекеттік қызметшілері тұрғындарға электрондық қызмет( еgov. порталы арқылы) анықтамаларды қалай дұрыс алуға болатындығы жөнінде кеңес беріліп отырады.

    ( Стандарт, Регламент )

    Ауылдық аумақтарды дамыту жоспары бойынша сәйкес жоспарланған. 2020-2022 жылдарға арналған іс-шаралар:

    1. 2021 жылдың тамыз айында Қаражар ауылында орталықтандырылған су жүйесінің құрылысын аяқтау.
    2. 2021 жылдың соңына дейін интернет және ұялы байланысын орнату.
    3. Тазалық және аббаттандырудыру жұмыстарын ұйымдастыру;
    4. Ауыл шаруашылығын дамыту, мал түрлерін тұқымдық түрлендіру жұмыстарын ары қарай жалғастыру.
    5. Ақсаң, Қаражар, Жалғызқайың ауылдарының ішкі көшелерін жарықтандыру;
    6. Әкімдік ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу;
    7. 2022 жылы Д.Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
    8. Жалғызқайың ауылына орталықтандырылған су құбыры жүйесін тарту.