Зеренді ауданының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    Жұмылдыру дайындығы және және жедел жабдықтау бөлімі туралы

    Аумақты жұмылдыру даярлығы және жедел жабдықтау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Зеренді ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Бөлім жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру іс-шараларын жоспарлау және іске асыру, аудан аумағын ерекше кезеңде жұмыс істеуге дайындау, сондай-ақ қорғаныс мүддесінде аумақты жедел жабдықтау мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асырады.

    Бөлім өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, әскери басқару органдарымен, құқық қорғау органдарымен, әскери құралымдармен, ұйымдармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасайды.

    Құқықтары мен міндеттері

    Бөлім белгіленген тәртіппен:

    • Зеренді ауданы әкімі аппаратының басшылығына жұмылдыру даярлығын, жұмылдыруды және аумақты жедел жабдықтауды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
    • мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан жүктелген міндеттерді орындауға қажетті мәліметтерді, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
    • Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әскери басқару органдарымен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
    • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олардың уақтылы қаралуын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді;
    • жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша кеңестерге, жаттығуларға, оқу-жаттығуларға және басқа да іс-шараларға қатысады;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

    Функциялары

    Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:

    • Зеренді ауданының аумағында жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру іс-шараларының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
    • ауданның жұмылдыру жоспарын әзірлеуге және өзектендіруге қатысады;
    • жұмылдыру іс-шараларын дайындау және өткізу кезінде жергілікті әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
    • белгіленген тәртіпке сәйкес әскери міндеттілерді брондау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
    • ауданның мемлекеттік органдары мен ұйымдарын жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайы және соғыс уақытында жұмыс істеуге дайындауға қатысады;
    • шақырылуға жататын азаматтарды хабардар ету және жеткізу, сондай-ақ қорғаныс мұқтаждары үшін техниканы жеткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
    • жұмылдыру жоспарларында көзделген арнайы құралымдарды құруға және оларды даярлауға қатысады;
    • жұмылдыру тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша аудан ұйымдарымен жұмысты жүргізеді;
    • жұмылдыру іс-шараларын орындау үшін аудан ұйымдарының мүмкіндіктері туралы мәліметтерді жинауды және жинақтауды жүзеге асырады;
    • аудан экономикасын жұмылдыру жоспарын орындауға дайындауға қатысады;
    • Зеренді ауданының аумағын жедел жабдықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және тиісті іс-шараларды дайындауға қатысады;
    • жұмылдыру даярлығын және аудан аумағын жедел жабдықтауды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
    • қажетті мәліметтер мен материалдардың уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынылуын қамтамасыз етеді;
    • жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимыл тәртібі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасында және жергілікті атқарушы органның актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.