Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті
Департамент туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің (бұдан әрі – агенттік) Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі іске асыру функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.