Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының әкімшілік бөлімі
Жалпы ақпарат
Жалпы басқарма бойынша жоғары тұрған органдар, қала әкімі мен оның орынбасарлары, басқарма басшысы мен оның орынбасарлары тапсырмаларының және хаттамаларының (оның ішінде: ҚР Президеті әкімшілігінен, ҚР Үкіметі кеңсесінен) сапалы және мерзімінде орындалуына жауапты және бақылауда ұстайды. Басқармада мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметті өткеруiне байланысты шешiмдердiң жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Кадр мәселелері бойынша жұмыстардың атқарылуын және нормативтік-құқықтық актілердің жобалары әзірленуін және бөлімнің құзыретіне кіретін құқықтық сипаттағы құжаттардың дайындалуын қадағалайды. Кіріс және шығыс құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің заңда белгіленген мерзімде орындалып, жауап берілуін бақылайды.