Әкімшілік бөлім

    Бөлім функциялары мен міндеттері:

    Бөлім міндеттері:

    дене шынықтыру және спорт саласын дамыту жөніндегі жұмыстарды талдамалық және ақпараттық қамтамасыз ету, Басқарма бірлесіп орындаушысы болып табылатын мемлекеттік және өңірлік даму бағдарламаларының іске асырылуын бақылау, құқықтық, құжаттамалық және ұйымдастыру-бақылау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, персоналды басқарудың интеграцияланған жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызмет өткеруін қамтамасыз ету, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды дамыту бөлімі. Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің іс қағаздарын жүргізу, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, еңбек тәртібін сақтау, мемлекеттік тілді дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар сапасын арттыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіру.

    Бөлім функциялары:

    Жиынтық талдамалық ақпаратты дайындау, дене шынықтыру және спорт саласының дамуы бойынша статистикалық есептерді жинау, өңдеу және құрастыру;

    Балалар спорт секцияларының жұмысын ұйымдастыруға мемлекеттік спорт тапсырысының орындалуын бақылау;

    Ведомстволық бағынысты мекемелердің, жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының және қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының қызметін бағалау критерийлерін (KPI) әзірлеу;

    спорттық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың тізбесін белгіленген тәртіппен қалыптастыру және бекіту;

    Басқарма басшылығының қатысуымен жедел мәжілістерді ұйымдастыруды және есепке алуды қамтамасыз ету, хаттамалық іс-шаралар барысын дайындау, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік-құқықтық қорғау, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу шараларын қолдану тәртібін әзірлеу;

    Персоналды басқару стратегиясын іске асыру, мемлекеттік органның кадрлық есебін жүргізуді қамтамасыз ету, Басқарма персоналының біліктілігін арттыру, оның ішінде белгіленген мерзімге сәйкес тәлімгерлік, тағылымдамадан өту және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы;

    Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбек режимі мен шарттарын сақтауын, жеке деректерін, мемлекеттік қызмет өткеруінің құжаттамасын, қызметкерлердің қызметін бағалауды, қызметкерлердің еңбек заңнамасын және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтауын есепке алуды ұйымдастыру;

    Қызметтік хат-хабарларды есепке алуды және Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің тапсырмаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің орталық аппаратынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің әкімшілігінен, Қостанай облысы және басқа да мемлекеттік органдарынан келіп түскен құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;

    Құрылымдық бөлімшелердің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысына бақылау жасау, өтініштерді есепке алу, тіркеу, талдау және олардың орындалуын бақылау, Басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;

    Басқарманың қызметін құқықтық қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғаларға спорт саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру, ведомстволық бағыныстағы мекемелердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған заңнамалық және ведомствоаралық бағдарламалардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады және қамтамасыз етеді, Басқарма мен құрылымдық бөлімшелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді;

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік процестік-рәсімдік кодексінің талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және уақытылы жауап беру бойынша жұмыстарды жүргізу.

    Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    Құқықтар мен міндеттер:

    Әкімшілік бөлім өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде мыналарға құқылы:

    Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінен өзіне Заңмен және осы нормативтік құқықтық актілермен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;

    Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды;

    Басқарманың ұйымдастыру-құқықтық жұмысын, құжат айналымын жақсарту, ақпараттық технологияларды енгізу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу (БЭҚЖ, АЖО ИИС-ЦОН, ЭПГО, Е-өтініш, Е-қызмет, «Метеор»);

    Құрылымдық бөлімшелерге, ведомстволық бағынысты мекемелерге ұйымдастыру-құқықтық, кадрлық мәселелер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету.

    Басқарманың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті қосымша ақпаратты алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу.

    Әкімшілік бөлімнің қызметін ұйымдастыру

    Әкімшілік бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктер берілген.

    Әкімшілік бөлім мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан тәуелсіз және басқарма басшысына тікелей бағынады.

    Әкімшілік бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

    Әкімшілік бөлімнің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

    Әкімшілік бөлімнің басшысы басқарма басшылығына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді.

    Осы мақсатта бөлім басшысы:

    1) бөлімге кіретін бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

    2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Бөлім басшысы болмаған кезеңде осы бөлімнің бас маманы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

    Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік бөлімнің атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастырушы тұлға қол қояды.