Әкімшілік бөлімі
Басқарма аппаратын біліктілік талаптарға сәйкес мамандармен жасақтау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындығының, құқықтық мәдениетінің және азаматтармен жұмыс жасау қабілеттілігінің деңгейін анықтау бойынша аттестациялау және қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Басқарма құжаттарының уақтылы және сапалы аударылуын жүзеге асыру. Басқармаға келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын тіркеуді және олардың уақтылы қаралуына бақылауды жүзеге асыру. Қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібін сақтауына, еңбек және орындаушылық тәртіптің жай-күйіне бақылауды қамтамасыз ету. Белгіленген құжаттаманың тиісінше ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру.
Мемлекеттік органның қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Құқықтық бағаны жүзеге асыру. Мемлекеттік органның миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік органда құқықтық жұмысты әдістемелік басшылықпен қамтамасыз ету. Құқықтық мәселелерді қарастырған кезде, мемлекеттік органның мүдделерін сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда білдіру.
Есептеуіш техника, жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын орнату және енгізу. Орнатылған жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік органның жерггілікті есептеуіш жүйесінің жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік органда жинақталған ақпараттың тұтастығын, жарамдылығын және құпиялылығын қолдауға бағытталған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін әзірлеуге, іске асыруға және пайдалануға жауап беру.
Әкімшілік бөлімінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен қатар мемлекеттік органның құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттері болады.