Алматы қаласы Білім басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімі

    Управление образования г. Алматы

    1) Басқарманың тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіру;

    2) басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да заңды сипаттағы құжаттардың жобаларын, оның ішінде оларды басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысу;

    3) басқарманың бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындау;

    4) Басқармада құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;

    5) заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда басқарма атынан Басқарманың құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;

    6) Басқармаға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйелі есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру;

    7) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Басқарманың нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу;

    8) шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдану;

    9) тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай - күйіне талдау жүргізу және оларды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

    10) басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма мүдделерін білдіру.

    11) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актісіне барлық сот сатыларында шағым жасау жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтінішхаттармен прокуратура органдарына жүгінеді;

    12) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдау;

    13) өз құзыреті шегінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту жөніндегі қызметті жүзеге асыру.