Әкімшілік-құқықтық бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) Жүктелген өкілеттіктер шегінде Басқарманың жұмысына жауап береді және оның уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
2) Кадр саясаты саласындағы жұмысты ұйымдастыру.
3) ҚР заңнамалық және нормативтік актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтарын іске асыру және орындалуын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
4) Басқарманың міндеттері мен функцияларын орындауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
Негізгі міндеттерге сүйене отырып, бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының, оның ішінде бұйрықтардың, хаттамалардың, қаулылардың және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
2) Басшылықтың тапсырмалары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады:
- басқармада іс жүргізуді қамтамасыз етуге;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға және уәкілетті органға есеп беруге.
3) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
4) Кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады.
5) Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді.
6) Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлейді.
7) Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты Басқарма шешімдерін ресімдейді, қызметшілердің жеке істерін жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларына (қызметтік тізімдеріне) қажетті жазбалар енгізеді.
8) Мемлекеттік қызметшілердің заңда белгіленген шектеулерді қабылдау туралы келісімін жазбаша нысанда тіркейді (өзіне қабылданған шектеулерді бұзған жағдайда құқықтық салдары туралы хабардар етеді).
9) Мемлекеттік қызметшілерге құқықтық жағдайы мәселелері бойынша кеңес береді, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын бақылайды.
10) Уәкілетті органға ұсыну үшін бос лауазымдар тізімін, бос лауазымдар бойынша өтінімдерді және өзге де қажетті ақпаратты дайындайды.
11) Қызметкерлердің жеке құрамын есепке алуды, еңбек кітапшаларын есепке алуды, сақтауды және беруді жүргізеді, қызметкерлерге қызметтік жеке куәліктер мен қажетті анықтамаларды ресімдейді және береді, жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді.
12) Тағайындау, ауыстыру және жұмыстан шығару туралы, қызметкерлерді жұмыста қол жеткізген табыстары үшін көтермелеу туралы, тәртіптік жаза қолдану туралы, жыл сайынғы және басқа да демалыстарға бұйрықтар ресімдейді.
13) "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңына сәйкес қызмет көрсетуге шарт жасау үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді, кеңсе керек-жарақтарының, қажетті шаруашылық материалдарының, жабдықтардың есебін жүргізуді және белгіленген есептілікті жасауды ұйымдастырады.
14) Басқарманы ұстауға арналған қаржыландыру жоспарын орындау бойынша оны жүргізудің белгіленген ережелері негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастырады.
15) Белгіленген мерзімде құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
16) Кіріс және шығыс хат-хабарларды есепке алуды, құжаттарды сақтауды, жеткізуді және таратуды жүзеге асырады.
17) Өз құзыретінің мәселелері бойынша қалалар мен аудандар әкімдіктерімен өзара іс-қимылды және жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады.
18) Басқарма қызметіне қатысты ҚР Заңдарының, ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі Қаулыларының, облыс әкімдігі қаулыларының орындалуын қамтамасыз етеді.
19) Шағымдар мен өтініштерді қарайды, Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың сұрауларына және оларға жауаптарды дайындайды.
20) Басқарманың қызметіне қатысты құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, басқа да органдарда басқарманың мүддесін білдіреді.
21) Басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді.
22) Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша басшы қол қоятын облыс әкімінің, облыс әкімдігінің және облыстық мәслихаттың нормативтік актілерінің жобаларына құқықтық бағалау жүргізеді.
23) Шаруашылық қатынастарды реттейтін шарттар мен нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу, олардың құқықтық сараптамасын жүргізу.
24) Басқарма әзірлейтін әкімдіктің, әкімнің, мәслихаттың қаулылары, шешімдері, өкімдері жобаларын дайындауға қатысу, жобаларды облыс әкімі аппаратының және облыстық мәслихаттың заң қызметтерімен келісу.
25) Қолданыстағы заңнаманы насихаттау бойынша іс-шаралар әзірлеу, Басқармада жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру және оларды жүзеге асыруға қатысу.
26) Бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша семинарлар өткізу және жұмысын ұйымдастыру.
27) Бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша басқарма басшысының жанындағы жұмыс кеңестерін дайындау.
28) Бөлімге жүктелген өзге де функцияларды орындайды.