Әкімшілік-құқықтық бөлім
Құрылыс саласындағы тиімділік пен жұмыс сапасын арттыру мәселелерін кешенді шешуді қамтамасыз ететін дамудың бірыңғай стратегиясын, прогрессивті ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;
құқықтық мәселелерді қарау кезінде сот органдарында және басқа да мемлекеттік органдарда Басқарманың және оның құрылымдық бөлімшелерінің мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну;
Басқарма басшылығының және қала әкімінің басшылығының қарауына қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын, жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын, қызметтік жазбаларды, құрылыс саласын перспективалық дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу;
Басқарманың қызметіне қатысты құқықтық қатынастарды реттейтін шарттарды, қосымша келісімдерді және өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
әкімдік пен қала әкімінің актілеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізу, оның нәтижелері бойынша Басқарма басшысына, қала әкіміне және оның орынбасарларына аналитикалық ақпараттарды, соның ішінде жетілдіру және кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды дайындау.