Әкімшілік-қаржы бөлімі
Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының әкімшілік-қаржылық бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» заңын, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, бюджет атқарылуы және оның кассалық қызмет көрсету қағидаларын, мемлекеттік органдарда бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген), мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарларын (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген), сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, әкімдік қаулылары мен қала әкімі өкімдерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы туралы Ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
Негізгі міндеттері:
Басқарманың материалдық-техникалық және қаржылық-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету.
Функциялары:
бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау және бақылауды жүзеге асыру;
Басқармаға түсетін ақша қаражаттары, тауар-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдар бойынша толық есеп жүргізу және олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақтылы көрсету;
бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша есептілік дайындау үшін деректер әзірлеу, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыруға ресімдеу;
Басқарма қызметкерлеріне жалақыны уақтылы төлеу, салық төлемдерін және әлеуметтік аударымдарды аудару;
тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу, сондай-ақ Басқарманың есептілігін жүргізудің дұрыстығы мен шынайылығын қамтамасыз ету.