Әкімшілік-қаржы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Функциялары:

    1) Облыс әкімінің қызметін материалдық-техникалық, қаржылық және өзге де қамтамасыз ету;

    2) Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдары облыс аумағында болған уақытта оларды материалдық-техникалық, көліктік және өзге де қамтамасыз ету болып табылады;

    3) Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, облыс мәслихаты депутаттарының сайлауын өткізуді қаржыландыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

    4) Облыстың ауылдық округтері, кенттері және ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізуді қаржыландыруды қамтамасыз етеді;

    5) Облыс әкімі аппаратының қарамағындағы мекемелердің қаржылық және бухгалтерлік есептілік бөлігіндегі қызметін үйлестіреді;

    6) Әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуге, облыс әкімдігінің отырыстарында, облыстық активтерде қарау үшін Бөлім құзыретіне кіретін мәселелерді дайындауды ұйымдастыруға қатысады.

    7) Салықтық, бухгалтерлік және статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

    8) Реконструкциялауға, күрделі және ағымдағы жөндеуге тапсырыс беруші болады;

    9) Бөлім қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізеді.