Әкімшілік-қаржы бөлімі
Өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіреді және бақылайды;
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мәселелерді реттейтін бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, бағдарламалық-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Қажет болған жағдайда әртүрлі іс шараларды өткізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері мен мамандарын тартады;
Өз құзыреті шегінде өзге ұйымдардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
Қаржы-экономикалық қызмет мәселелері бойынша симпозиумдар, конференциялар, семинарлар және оқытудың және тәжірибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.