Әкімшілік-қаржылық бөлімшесі

    Жалпы ақпарат

    Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және қаржылық-шаруашылық қызметті жүргізу. Бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу, бюджеттік қаражаттың мақсатты игерілуін қамтамасыз ету және коммуналдық мүліктің сақталуын бақылау.
    Аудан әкімінің тапсырмалары мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау, қызметтік құжат айналымын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды ұйымдастыру.
    Кадрлық саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің этика нормалары мен киім үлгісі талаптарының орындалуын бақылау. Комиссиялардың жұмысын үйлестіру, аппарат мүддесін сот және құқық қорғау органдарында қорғау.
    Бюджеттік өтінімдер әзірлеу, мәслихат сессияларына қатысу, қаржылық есеп беру, статистикалық және салықтық есептілікті ұсыну. Мемлекеттік сатып алу бойынша толық құжат айналымын жүргізу, келісімшарттардың орындалуын бақылау. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу және міндетті әлеуметтік аударымдарды уақтылы жүзеге асыру.
    Коммуналдық мүлікті басқару, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және архивке тапсыруын қамтамасыз ету.