Әкімшілік-экономикалық бөлімі

    бөлімдер

    Бөлімнің негізгі мақсаттары мен міндеттері мыналар болып табылады:

    1) Басқармада Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі талаптарының сақталуы мен орындалуын ұйымдастыру:

    2) Басқармада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуын ұйымдастыру және бақылау;

    3) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларына басқармаға қатысты бөлігінде мониторинг жүргізу, олардың орындалу мерзімдеріне бақылау жасау, орындалуы туралы мәліметтерді облыс әкімі аппаратына орындалу мерзімдеріне сәйкес ұсынуды ұйымдастыру;

    4) басқармадағы жалпы құжат айналымының Электрондық құжат айналымы Ережесінің талаптарына сәйкес жүргізілуін үйлестіру;

    5) басқарманың кіріс және шығыс құжаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу, олардың белгіленген тәртіппен орындалуын ұйымдастыру;

    6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін «Е-өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау және талдаудың бірыңғай жүйесі арқылы қабылдап, автоматтандырылған базаға ендіру, ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасына ай сайын салыстыру актісін жолдау;

    7) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

    8) облыс әкімі аппаратында бақылау белгісі қойылған кіріс құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуына бақылау жасау;

    9) мемлекеттік органдардың интранет порталындағы мәліметтерді өзектендіру;

    10) облыс әкімдігінің ресми сайтындағы басқармаға қатысты ақпараттарды белгіленген мерзімге сәйкес орналастырылуын ұйымдастыру;

    11) құрылымдық бөлімдердің ұсыныстары негізінде басқарманың жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарын қалыптастырып, бекітуге ұсыну;

    12) іс қағаздарының номенклатурасын жүргізуді және ресімдеуді, оларды сақтау және мұрағатқа өткізуді ұйымдастыру;

    13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыныстарды әзірлеу;

    14) стратегиялық маңызы бар бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктей отырып бюджеттік саясатты қалыптастыру;

    15) заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың даму жоспарының құрылыс саласына қатысты бөлігіне ұсыныстар әзірлеу және келісу;

    16) облыстың даму жоспарының құрылыс саласына қатысты бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізу;

    17) заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың даму жоспарының қала және аудандар кесіндісінде декомпозицияланған нысаналы индикаторлардың құрылыс саласына қатысты бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізу;

    18) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық жоспары, Ұлттық жобалар, Орталық мемлекеттік органдардың салалық даму тұжырымдамалары мен өзге де жоғары тұрған стратегиялық құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіру;

    19) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасының құрылыс саласына қатысты бөлігінің орындалуын бақылау;

    20) Мемлекет басшысының жолдауларының орындалуына мониторинг жүргізу;

    21) келіп түскен бюджеттік ұсыныстарды саралай отырып, жыл сайын елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

    22) үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық ұсыныстар тізбесіндегі бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша аудан, қала әкімдері, салалық басқармалар, салалық бөлімдер ұсынған инвестициялық ұсыныстарды мемлекеттік, үкіметтік және аймақтық бағдарламаларға сәйкестігін анықтап, талдап, іріктеп, тізімнің тиісті салалық республикалық министрліктерге, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылуын қамтамасыз ету;

    23) инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру, нақтылау барысында салалық министрліктерге, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың талаптарына сай құжаттар ұсыну;

    24) ағымдағы бюджетті нақтылауға байланысты ұсыныстар бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінімдерді әзірлеу

    25) қалыптастырылған және нақтыланған инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісу және басқарма басшысының бұйрығымен бекіту;

    26) жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша тиісті салалық министрліктермен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, келісу

    27) инвестициялық жобалар мәселелері бойынша салалық басқармалармен және Басқарманың құрылымдық бөлімдерімен бірлесіп жұмыс жүргізу;

    28) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларға заң талаптарына сәйкес ұсыныс енгізу;

    29) «Ашық үкімет» мемлекеттік порталында және басқарманың сайтында бөлімге қатысты бюджет мәселелері бойынша ақпараттар орналастыру;

    30) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына ұсыныстар әзірлеу;

    31) облыстың даму жоспарындағы құрылыс саласына қатысты бөлігіне ұсыныстар әзірлеу, өзгерістер енгізу, оның орындалуын бақылау және орындалу есебін жасақтау;

    32) облыстың даму жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының құрылысқа қатысты бөлігіне ұсыныстар әзірлеу, өзгерістер енгізу, оның орындалуын бақылау және орындалу есебін жасақтау;

    33) салалық министрліктермен, аудан және қала әкімдіктерімен дамытуға арналған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жоспарларын әзірлеу, қажеттілігіне қарай жоспарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу;

    34) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру;

    35) мемлекеттік органның құқықтық сипаттағы құжаттарына құқықтық сараптама жүргізу және қажеттілігін қарай оларды дайындау;

    36) басқарма басшысының бұйрықтары жобаларын келісу;

    37) шарттардың, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;

    38) ұсынылған нысандар бойынша құжаттарды дайындау және дайындалған конкурстық құжаттарды бекіту жөнінде бұйрықтар шығаруды ұйымдастыру;

    39) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

    40) мемлекеттік сатып алу жөніндегі хабарландыруды веб-порталға орналастыру;

    41) бөлімнің құзіреті шегінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге қатысу;

    42) әлеуетті өнім берушілер тарапынан мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұзу жағдайларын анықтаған жағдайда өз құзіеті шегінде қолданыстағы заңнамада белгіленген шараларды қолдану;

    43) құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

    44) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіру;

    45) басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжатттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірленген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысу;

    46) заңнамалық актілерде көделген жағайда мемлекеттік органның құзіретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктеме дайындау;

    47) басқармаға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебіне және олардың сақталуын ұйымдастыру;

    48) шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын үйлестіруді қамтамасыз ету;

    49) тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Басқарманың қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдау және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

    50) ) заңнама көзделген негіздер болған жағдайда басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну;

    51) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдау;

    52) бөлімнің құзіреті шегінде мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен бірлескен жұмыс жүргізу;

    53) бөлімнің құзіреті шегінде бюджеттің орындалуы бойынша жұмыстарды атқару және бақылау жасау;