"Абай облысы Үржар ауданының Үржар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    1. Ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

    1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

    2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

    3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

    5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

    6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

    7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

    8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

    8-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;

    9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

    10-1) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органдар жоқ кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі нотариаттық әрекеттер жасауды ұйымдастырады, өз аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге құжаттар қабылдауды және оларды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың азаматтық хал актілерін тіркеу органына беруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәліктерді және қажет болған кезде анықтамаларды беруді және табыс етуді жүргізеді;

    10-2) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

    11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

    12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

    12-1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

    12-2) мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастырады;

    12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

    12-4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

    12-5) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

    12-6) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

    12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

    12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

    12-9) "Алтын алқа" алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

    12-10) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;

    13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

    14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

    14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

    14-2) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсетеді;

    14-3) қажет болған жағдайда жатқан науқасты денсаулық сақтау ұйымының стационарынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;

    15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

    17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

    18) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

    19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

    21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

    21-1) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеуді жүргізеді;

    22) қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

    23) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

    24) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

    қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

    қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі.

    1-1. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыретіне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды аудандық атқарушы органға енгізу жатады.

    1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жүзеге асырады.

    1-3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

    1) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

    2) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

    3) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

    4) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

    5) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

    6) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

    7) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

    10) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

    12) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

    13) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

    14) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

    15) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.

    1-4. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес:

    1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді;

    2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;

    3) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз етеді.

    2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

    3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.

    Бюджет

    Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 31-641/VIII «Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 31-641/VIII «Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 31-641/VIII «Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: кірістер - 644 269,1 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 413 965,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 417,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; арнаулы түсімдер - 0,0 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 229 887,1 мың теңге; 2) шығындар – 645 195,1 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге; соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет (профициті) тапшылығы – -926,0 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - -926,0, мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 926,0 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге; бюджет қаражаттарының пайдаланылатын бос қалдықтары – 926,0 мың теңге.»; аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Үржар аудандық мәслихатының төрағасы А.Омаров Үржар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 12 тамыздағы № 37-741/VIII шешіміне қосымша Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 31-641/VIII шешіміне 1 қосымша Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеті Санаты Барлық кірістер (мың теңге) Сыныбы Iшкi сыныбы Атауы 1 2 3 4 5 I. Кірістер 661 269,1 1 Салықтық түсімдер 413 965,0 01 Табыс салығы 269 747,0 2 Жеке табыс салығы 269 747,0 04 Меншiкке салынатын салықтар 141 642,0 1 Мүлiкке салынатын салықтар 3 395,0 3 Жер салығы 1 250,0 4 Көлiк құралдарына салынатын салық 117 945,0 5 Бірыңғай жер салығы 19 052,0 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар 2 576,0 3 Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер 1 978,0 4 Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар 598,0 2 Салықтық емес түсiмдер 417,0 01 Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 417,0 5 Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 417,0 3 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0,0 01 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 0,0 1 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 0,0 4 Арнаулы түсімдер 0,0 01 Арнаулы түсімдер 0,0 1 Арнаулы түсімдер 0,0 5 Трансферттер түсімдері 246 887,1 02 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 246 887,1 Функционалдық топ Барлық шығындар(мың теңге) Кіші функция Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бағдарлама Атауы 1 2 3 4 5 6 II. Шығындар 661 818,7 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 106 854,0 1 Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар 106 854,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 106 854,0 001 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 106 224,0 022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 630,0 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 220 703,6 3 Елді-мекендерді көркейту 220 703,6 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 220 703,6 008 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру 84 000,0 009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 16 000,0 011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 120 703,6 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 2 000,0 1 Мәдениет саласындағы қызмет 2 000,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 2 000,0 006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау 2 000,0 12 Көлiк және коммуникация 196 261,1 1 Автомобиль көлiгi 196 261,1 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 196 261,1 013 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 196 261,1 15 Трансферттер 136 000,0 1 Трансферттер 136 000,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 136 000,0 043 Бюджеттік алып коюлар 0,0 044 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару 0,0 048 Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару 0,0 051 Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 136 000,0 III. Таза бюджеттік кредиттеу 0,0 Бюджеттік кредиттер 0,0 6 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0,0 01 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0,0 1 Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 0,0 IV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0,0 Қаржы активтерін сатып алу 0,0 7 Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0,0 V. Бюджет тапшылығы (профициті) -926,0 VI. Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) -926,0 VIІ. Бюджет тапшылығын каржыландыру (профицитін пайдалану) 926,0 Қарыздар түсімі 0,0 8 Қарыздар түсімдері 0,0 01 Мемлекеттік ішкі қарыздар 0,0 2 Қарыз алу келісім-шарттары 0,0 16 Қарыздарды өтеу 0,0 1 Қарыздарды өтеу 0,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 0,0 054 Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен бөлінген нысыналы мақсатқа сай пайдаланылмаған кредиттерді қайтару 0,0 055 Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару 0,0 056 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу 0,0 9 Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары 926,0 01 Бюджет қаражаты қалдықтары 926,0 1 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 926,0

    Жарияланды: