Үржар ауданының әкімдігі
Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты
Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы 12,4 мың шаршы шақырым. Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тарбағатай тауларының оңтүстік етегінде орналасқан. Аудан орталығы Үржар ауылында 17 095 халық тұрады. Ауданның елді мекендерінің аудан орталығына дейінгі ара қашықтығы 5-тен 100 шақырымнан артық. Аудан орталығының облыс орталығына дейінгі ара қашықтығы 500 шақырымнан астам, жақын теміржол станциясы Аягөз қаласына дейін 170 шақырым. Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрамындағы 16 ауылдық округте 35 елді мекен бар.Табиғат - ауа райы тұрғысынан алғанда Үржар ауданы теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейтті және тау ландшафттары қатар орналасқан.Ауданның көлік кешені келесі байланыс түрін қамтиды: автомобиль және әуе жолдары.
abay-urzhar