Абай облысы Көкпекті ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің аппараты
«Абай облысы Көкпекті ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жаңалықтар
АшуҚазақстандықтар жыл басынан бері бала тууына байланысты 200 мыңнан астам біржолғы мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеді
АшуҚазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді
АшуМемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда
АшуТассай ауылындағы көшпелі әкімдік отырысы
АшуАҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті
АшуСайлау күні дауыс берушілерге бір күндік тіркеу рәсімі қолжетімді болады
Құжаттар
Cпорттық секциялар
БЕКІТЕМІН КЕЛІСЕМІНТеректі ауылдық округінің әкімі «Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» ___________Т.ШаймардановКММ-нің директоры «_____»______________2025 ж. _________________М.Айтқұрбанов «____»___________________2025 ж. Ауыл жастарының кешкі уақыттағы спорттық секцияларға қатысу кестесі 2025-2026 жылдары Өтетін күндері Спорт түрлері Уақыты Сәрсенбі Волейбол, Баскетбол 19.00 – 22.00 Жұма Волейбол, Баскетбол 19.00 – 22.00
Әлеуметтік қорғау бойынша ақпарат
Әлеуметтік қорғау Ауылдық округ бойынша 18 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған 22 көп балалы аналар бар. Округте аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қызмет көрсету мақсатында 1 ассистент қызмет етеді. 2025 жылы ауылдық округ бойынша 3 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, «Мәнсәп» орталығы арқылы 3 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.
Салық бойынша ақпарат 2025 жылға
Салық Ауылдық округте төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын салықтар: Мүлік салығы – 153 100 тг Жер салығы – 30 000 тг Көлік салығы - 2 257 200 тг 2025 жылғы инвестиция көлемі –233 540 000 тенге құрайды.
Ауыл шарушылығы
Ауыл шаруашылығы Теректі ауылдық округінде 57 шаруа қожалығы және 1 «Қасымжан» ЖШС тіркелген. Шаруа қожалықтары негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 49 540 гектарды құрайды. Оның ішінде 10 475 гектар – егістік, 5 200 гектар – шабындық, 34 109 гектар – жайылымдық жерлер. Округ тұрғындарының жеке аулаларында және шаруа қожалықтарында барлығы 2 694 бас ірі қара, 5 532 бас ұсақ мал және 1 025 бас жылқы тіркелген.
Білім
Білім Округте Қойгелді Аухадиев атындағы орта мектебінде 106 бала білім алып отыр, оның ішінде: 36 бала бастауыш сынып оқушылары. 28 мұғалім және 34 - жұмысшы жұмыс істейді. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдау үшін мектепте 1 газель автокөлігі бар. Мектепте аз қамтылған толық емес, көп балалы отбасынан шыққан 57 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Биылғы жылы «Мектепке жол » акциясы бойынша 119 000 теңге көлемінде 10 оқушыға материалдақ көмек көрсетілді.Округте бір шағын орталық жұмыс істейді. Шағын орталықта 2 топ ұйымдастырылған. «Еркетай» және «Сәулетай» топтары . Барлығы тәрбиеленушілер саны- 33 бала.