Абай облысы Абай ауданы Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі аппараты

    Әкімдік туралы

    Ауыл әкімі:

    • Азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қабылдау және оларды шешу жолдары, жергілікті бюджетті қалыптастыру, оны пайдалану туралы шешім қабылдау. Әлеуметтік көмекке және жұмысқа орналасуға немесе атаулы көмек көрсету, жалғыз басты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсету мәселелерін шешуге көмекке мұқтаж халықтың аз қамтылған топтарының отбасыларын анықтау.
    • Жақсарту: жарықтандыру, көгалдандыру, жолдарды асфальттау, ойын иалаңдарын салу.
    • Мемлекеттік қызметтер көрсету. (Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру. Елді мекен жерінен құрылыс салу үшін жер учаскелерін беру. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемдекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)
    • төтенше жағдайлар кезінде (көктемгі су тасқыны, су басу, пандемия) азаматтардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету бойынша шаралар қабылдау.
    ОтырысАяқталды

    1 қыркүйек - Білм күні!

    Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын ! 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап,білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз, қымбатты ұстаздар! Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!

    1 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні.

    Құрметті жерлестер! 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні. Биыл еліміздің Ата Заңы - Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция мемлекеттілігіміздің, берік іргетасы болып, тәуелсіз Қазақстанның даму жолын айқындап берді. 📖 Конституция - әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, демократиялық құндылықтардың негізі. 30 жыл ішінде Конституция ел бірлігінің, тұрақтылық пен жасампаздыктың символына айналды. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата заңымыз асқақ, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Құрметпен, Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімі Дархан Амангелдіұлы.

    30 тамыз 2025 ж.Тікелей