Қызметкерлер — Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы

    Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Абзал Серікұлы
    Қызметкерлер

    Абзал Серікұлы

    Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

    Туған күні мен орны: 1989 жылғы 23 шілде, Шығыс Қазақстан облысы. Білім: 2011 жыл: Қ. и. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық-техникалық университеті (мамандығы: радиотехника, электроника және телекоммуникация) 2013 жыл: Қазақстан-Америка еркін университеті (мамандығы: менеджмент) Марапаттар: 2021 жыл: Қазақстан Республикасы Президентінің медалі

    Басқа қызметкерлер

    4
    Ибраев Руслан Ержанович
    Қызметкерлер

    Ибраев Руслан Ержанович

    "Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақпараттық технологиялар орталығы" директоры

    1984 жылы 23 тамызда Семей қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы. Семей қаласының №43 орта мектебін бітірген. 2005 жылы ҚР ҰҚК Әскери институтын ҚР ҰҚК ШҚ әлеуметтік-тәрбие процестерін басқару мамандығы бойынша бітірген, офицер-тәрбиеші,әскери психолог біліктілігімен 2009 жылы мемлекеттік қызметшілер академиясын бітірді. ҚР ҰҚК ШҚ және ҚР СҚО түрлі лауазымдарында қызмет атқарды.

    Қызметкерлер

    Жунусов Равиль Каиргазыевич

    "Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің цифрландыру бөлімінің басшысы

    Жунусов Равиль Каиргазыевич 1997 жылғы 22 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында дүниеге келген. 2022 жылы Alikhan Bokeikhan University университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығын. 2025 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған, «Экономика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілген.

    Жұмағалиқызы Қаламақас
    Қызметкерлер

    Жұмағалиқызы Қаламақас

    "Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы" ММ ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы

    1986 жылы Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша аяқтаған, Алматы қаласы.

    Тоқтарғазиева Аида Тоқтарғазықызы
    Қызметкерлер

    Тоқтарғазиева Аида Тоқтарғазықызы

    "Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік жұмыс бөлімінің басшысы

    1998 жылы Көкпекті ауданының Көкжайық ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.