Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарманың функцияларына өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде халықаралық актілердің, Қазақстан Республикасының Салық және өзге де заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау кіреді.