Жолдастық кездесу Бүгін Ерсін Мұқашев атындағы ЖОББМ-де Көктөбе орта мектебінің оқушылары қонақ болып, жолдастық кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар спорттық ойындарға қатысып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай шаралар оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.